Тоқаев Қазақстан неге ауған босқындарын қабылдамағанын түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қазақстан неге ауған босқындарын қабылдамағанын түсіндірді Фото ©REUTERS

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ауған босқындарын уақытша орналастыруға неге келіспегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ауған босқындарын уақытша орналастыруға неге келіспегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Тоқаев 2021 жылы Шығыс экономикалық форумында онлайн-режимде сөз сөйледі. Онда Президент ауған босқындарын Қазақстанға орналастыру мәселесі әлі де қаралып жатқанын айтты.

"Америка әкімшілігімен екі, үш ай немесе алты ай бойы, белгісіз мерзімде жұмыс істеген ауған босқындарын паналату мәселесіне келетін болсақ, қабылдау туралы шешім шығарылған жоқ. Қазақстанның егеменділігімен байланысты көптеген ерекшеліктер бар. Қазақстанға келуі тиіс адамдарда виза болған жоқ, сонымен қатар логистиканың өзі бұл мәселені шешуге мүмкіндік бермеді", - деді Тоқаев.

Бұған дейін WhatsApp желісінде Қазақстанға 70 мың ауған азаматы келеді деген қауесет тараған болатын. Алғашқы 500 адам Шымкент әуежайына келгені, тағы 1500 адам жақын күндері келетіні айтылды. Сыртқы істер министрлігінде босқындарды Шымкент пен Түркістан облысына орналастыру туралы ақпарат екі рет ресми түрде жоққа шығарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети