Тоқаев Қазақстанда қаңтар оқиғасы қайталанбайтынын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қазақстанда қаңтар оқиғасы қайталанбайтынын айтты Фото ©REUTERS

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қаңтар оқиғасы қайталанбайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қаңтар оқиғасы қайталанбайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумда дауыс бергеннен кейін Мемлекет басшысы журналистер сұрағына жауап берді.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент өкілеті азайып, Парламентке берілді. Бұл бетін аулақ қылсын, қаңтар оқиғасы секілді мемлекеттің тағдыры шешілер сәтте дер кезінде уақыт оздырмай шешім қабылдауға кедергі етпей ме?" - деп сұрақ қойды тілші Президентке.

"Президент Мемлекет басшысы ретінде әр тәсілді қолдануға құқылы. Сондықтан, ешқандай текетірес жоқ. Яғни Парламент пен Президенттің арасында тепе-теңдік болуы керек. Сондықтан, бұл демократияның бір көрінісі деп ойлаймын, қару-жарақты не болмаса басқа да тәсілдерді пайдалану бойынша ешқандай тосқауыл болмайды Президентке. Жалпы айтқанда қаңтар оқиғасы біздің елімізде қайталанбас. Бұл мәселе бойынша менің ешқандай күмәнім жоқ", - деді Президент. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети