Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бақылаушы, құқық қорғау және басқа да органдарды пайдалана отырып рейдерлік жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгілейтін заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бақылаушы, құқық қорғау және басқа да органдарды пайдалана отырып рейдерлік жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгілейтін заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, заң жобасын Парламент депутаттары тобы әзірлеген болатын. Ол бойынша кәсіпкерлерге жасалған рейдерлік үшін қылмыстық жаза қатаңдайды. Лауазымды тұлғаның осы тектес қылмыс жасағаны дәлелденсе, 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұрын бұл мерзім 3-7 жылмен шектелген.
Бұдан бөлек, бизнестің және азаматтардың заңсыз тексеру және тінтуге қатысты жазған арызын қарау мерзімі қысқартылады. Енді мұндай арыз 3 күнде қаралады.
Жаңа құжат кәсіпкердің мемлекеттік орган өкілі үстінен түсірген арызына тексеру жүргізу кезіндегі прокурор құқығын кеңейтеді. Сонымен қатар мемлекеттік орган белгілеген тыйым салу немесе шектеу шараларын жоя алады.
Бағалы металдар айналымына қатысы бар жауапты тұлғалардың қылмыстық жазасы да күшейтілген.
Еске салайық, Қылмыстық кодекстің 249-бабының жаңа бөлігі - 1-1-бөлігі құқық қорғау және өзге де органдарды қолдана отырып күш көрсетумен байланысты рейдерлікке қылмыстық жауапкершілікті күшейтеді. Рейдерлік әрекетті ұйымдастырған және оларға көмектескен лауазымды тұлғалар да қылмыстық жауапқа тартылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!