Тоқаев Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмыстары 5 пайызға төмендегенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмыстары 5 пайызға төмендегенін айтты Фото: akorda.kz

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің өткен жылы атқарған жұмысының негізгі нәтижелері жайында баяндалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің өткен жылы атқарған жұмысының негізгі нәтижелері жайында баяндалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Алик Шпекбаев Мемлекет басшысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың іске асырылуы және еліміздің Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша ілгерілегені туралы айтты. Агенттік төрағасының айтуынша, жүйелі жүргізіліп жатқан саяси жаңғыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың арқасында Қазақстан аталған рейтингте алғаш рет 38 балл жинаған. Бұл еліміздің 19 сатыға жоғары көтеріліп, 94-ші орынға табан тіреуіне мүмкіндік берген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің шығындарды өтеу және тиімсіз жұмсалған қаржының алдын алу бойынша атқарған жұмысының нәтижесінде 95,6 миллиард теңгенің кері қайтарылғанын, оның экономикалық тиімділігін оң бағалады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 5 пайызға төмендегенін атап өтті.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заңнамалық бастамаларды сапалы түрде жүзеге асыруға және ЭЫДҰ мен ГРЕКО стандарттарына сәйкес салалық заңнаманы жаңғыртуды жалғастыруға, оның ішінде, шенеуніктердің шығыстары мен кірістері бір-біріне сәйкес келмегені үшін жауапкершілік енгізу мәселесіне назар аударды.

Кездесу соңында Президент Агенттік төрағасына жазаны бұлтартпай орындау қағидатын қатаң сақтаудың маңызды екенін айтып, қылмыстың алдын алу ісінде азаматтық қоғаммен байыпты жұмыс жүргізуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети