Мемлекет басшысы - Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясын одан әрі технологиялық жаңғырту бойынша нақты тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы - Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясын одан әрі технологиялық жаңғырту бойынша нақты тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі заманғы қару-жарақ пен техниканың, әсіресе жоғары дәлдіктегі зақымдау құралдарының, дрондар мен роботтық кешендердің үлесін арттыру қажет. Әскерлердің ұтқырлығын арттыру үшін әскери-көліктік авиация мен жауынгерлік машиналар паркін ұлғайту қажет. Алдыңғы қатарлы ақпараттық жүйелер мен технологияларды енгізу маңызды міндет болып табылады. Шешім қабылдаудың жеделдігін арттыруға және жауынгерлік бөлімшелердің әлеуетін арттыруға ерекше назар аудару қажет. Бұл әскерлерді қолданудың тиімділігін бірнеше рет жақсартуға мүмкіндік береді", - деді Президент бүкілармия кеңесі барысында.
Мемлекет басшысының айтуынша, отандық әскери-өнеркәсіп кешені армиямызды толыққанды қаруландыру мен жаңғыртуда маңызды рөл атқаруға тиіс.
"Үкімет әскери мақсаттағы өнімдер мен қызметтердің номенклатурасын кеңейту үшін барлық шараларды қабылдауы керек. Тағы бір өзекті міндет - зауыттық және әскери жөндеу мүмкіндіктерін арттыру. Бұл бағытта біздің әлеуетіміз зор", - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!