Тоқаев Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасын қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономаревті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жалпыұлттық бірегейлікті одан әрі арттыру, ел бірлігін нығайту, өскелең ұрпақты отаншылдық рухында тәрбиелеу бағытында Қауымдастықтың атқарған қызметі туралы мәлімет берілді.

Сергей Пономарев ұлтты ұйыстыратын фактор ретінде мемлекеттік тілді насихаттаудағы славян ұйымдарының жұмысы туралы баяндады.

Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі "Бірлігіміз – әралуандықта" тұжырымдамасын іске асыру аясындағы Қауымдастықтың биылға арналған жоспарын таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев этносаралық келісім мен бірлік мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі саналатынын атап өтті. Президенттің пікірінше, әділдік пен баршаға тең мүмкіндік жасау – Әділетті Қазақстанның негізгі қағидаты.

Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрамына кіретін ұйымдар барлық этнос өкілдерінің арасында ортақ құндылықтарды қазақстандық патриотизм негізінде насихаттауға жан-жақты ықпал етуге ден қояды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.63  course up  587.97  course down  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети