Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық бітімгерлердің елге оралуы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық бітімгерлердің елге оралуы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
"Бітімгершілік миссиясымен Ливанда игілікті істерін табысты аяқтаған БҰҰ-ның алғашқы қазақстандық тобы аман-есен елге оралды. Бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік жолында Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығы арта береді, - деп жазды Президент.
Айта кетейік, Қазақстан Қарулы Күштері бірінші құрама бітімгершілік ротасының әскери қызметшілері Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері миссиясында жүктелген міндеттерді сәтті орындап, абыроймен Отанына оралды.
Қазіргі заманғы Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет 2018 жылғы 31 қазанда қазақстандық бітімгершілік полк құрама бітімгершілік ротасының 120 әскери қызметшісі "ҮндҚазбат" үнді батальоны құрамында "Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері" миссиясына қатысу үшін Ливан Республикасына жіберілді.
6 ай бойы қазақстандық бітімгерлер өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі міндеттерді және жергілікті жерді патрульдеу, бақылау бекеттерін ұйымдастыру, атыстың тоқтатылуының сақталуын бақылау, азаматтық халыққа көмек көрсету бойынша функцияларды лайықты түрде орындады, сондай-ақ миссияның штабы өткізген барлық іс-шараларға қатысты.