Тоқаев қазақстандық бітімгерлердің оралуы туралы пікір білдірді

19 Мамыр, 17:41
3
© akorda.kz
© akorda.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық бітімгерлердің елге оралуы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 

"Бітімгершілік миссиясымен Ливанда игілікті істерін табысты аяқтаған БҰҰ-ның алғашқы қазақстандық тобы аман-есен елге оралды. Бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік жолында Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығы арта береді, - деп жазды Президент. 

Айта кетейік, Қазақстан Қарулы Күштері бірінші құрама бітімгершілік ротасының әскери қызметшілері Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері миссиясында жүктелген міндеттерді сәтті орындап, абыроймен Отанына оралды.

Қазіргі заманғы Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет 2018 жылғы 31 қазанда қазақстандық бітімгершілік полк құрама бітімгершілік ротасының 120 әскери қызметшісі "ҮндҚазбат" үнді батальоны құрамында "Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері" миссиясына қатысу үшін Ливан Республикасына жіберілді.

6 ай бойы қазақстандық бітімгерлер өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі міндеттерді және жергілікті жерді патрульдеу, бақылау бекеттерін ұйымдастыру, атыстың тоқтатылуының сақталуын бақылау, азаматтық халыққа көмек көрсету бойынша функцияларды лайықты түрде орындады, сондай-ақ миссияның штабы өткізген барлық іс-шараларға қатысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Первая группа казахстанских миротворцев вернулась с миссии ООН из Ливана. На родине их встречали родные и близкие. ⠀ Впервые в истории Вооруженных сил Казахстана миротворческий контингент принял участие в миссии ООН по поддержанию мира и безопасности в Ливане. Совместно с индийскими партнерами проведена необходимая подготовительная работа в рамках слаживания миротворческой роты. ⠀ В конце октября 2018 года в Ливан были направлены 120 военнослужащих сводной миротворческой роты казахстанского миротворческого полка. Они участвовали в миссии «Временные силы ООН в Ливане» в составе индийского батальона «Индбат». ⠀ Согласно мандату ООН, казахстанское миротворческое подразделение в Ливане патрулировало местность, организовывало наблюдательные посты и наблюдало за соблюдением прекращения огня. ⠀ Для выполнения миссии казахстанские миротворцы прошли тщательный отбор и целый год оттачивали мастерство на родине. Руководящий состав группы также отправляли к коллегам из других стран, чтобы перенять их опыт. ⠀ Срок работы в рамках миротворческой миссии ООН для первой роты казахстанских миротворцев завершился. Теперь в Ливан отправится вторая рота, которая прошла усиленную подготовку.

Публикация от TengriNews (@tengrinewskz)

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай