05 маусым 2022 | 10:37

Тоқаев қазақстандықтарды алда не күтіп тұрғанын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын жақын арада қандай өзгерістер күтіп тұрғаны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын жақын арада қандай өзгерістер күтіп тұрғаны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алда ауқымды жұмыс бар. Біз бүгін дауыс беріп отырған Конституция нормаларын жүзеге асыру, заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Атап айтқанда, партияларға, Парламентке қатысты заңнамаларға. Менің ойымша, біздің Парламент бұл жұмысты абыроймен атқарады", - деді Президент Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумда дауыс бергеннен кейін журналистер сауалына жауап беріп.

Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға енгізілген жаңалықтар еліміздің қоғамдық өміріндегі үлкен өзгерістерді көздейтінін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Шын мәнінде мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастар парадигмасы өзгеріп жатыр, адам құқықтары бірінші орынға шығады. Бұл өте маңызды. Конституцияда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесі мүлде жаңа мағынаға, жаңа форматқа ие болып отыр. Бұл орган да біз үшін жаңа", - деп қосты ол.

Президент Тоқаев референдумда дауыс берді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная