Тоқаев қазақстандықтарды Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады Фото: ©Reuters

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауын "Ақорда" жариялады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауын "Ақорда" жариялады.

"Құрметті отандастар!

Баршаңызды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мерейлі мереке қанқұйлы жауды күйрете жеңіп, туған жерін қорғап қалған әкелеріміз бен аталарымыздың өшпес ерлігін дәріптейді.

Қазақстандықтар қиын-қыстау кезеңде батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Майданға аттанған 1 миллион 200 мың азаматымыздың жартысы елге оралған жоқ.   

Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Леонид Беда, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Иван Павлов, Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Мәлік Ғабдуллин, Хиуаз Доспанова, Рақымжан Қошқарбаев және басқа даңқты батырларымыздың есімдері мәңгі есте сақталады.        

Соғыс жылдарында Қазақстанға көшірілген жүздеген өндірістік және өнеркәсіптік кәсіпорындарда мыңдаған отандасымыз еңбек етіп, Ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосты. Әрбір он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Ауыл халқы жауынгерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін аянбай тер төкті.  

Біз ержүрек аға буынның алдында мәңгі қарыздармыз. Олардың қайсарлығы мен төзімділігінің, табандылығы мен  патриоттығының арқасында бейбіт заманда өмір сүріп, жарқын болашағымызға жол аштық.

Биыл мереке күні өзгеше ахуалға тұспа-тұс келсе де майдангерлердің ешбірі елеусіз қалған жоқ.

Ардагерлерімізге мықты денсаулық және бақ-береке тілеймін!

Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық болсын!", - делінген Президенттің құттықтауында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети