19 сәуір 2020 09:52

Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Құрметті отандастар!

Еліміздің православ қауымын қасиетті Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мейірімділік пен жанашырлыққа үндейтін бұл мейрам қастерлі құндылықтарды дәріптейді. 

Христиан дінінің игіліктері адамға ізгілік пен қайырымдылық дарытады. Пасха мейрамы рухани бірлікті, шынайы бауырластықты нығайтуға жол ашады.

Бүкіл әлем қауіпті індетпен күресіп жатқан қазіргідей кезеңде барлық дін өкілдері үшін рухтың беріктігі мен өзара ынтымақтастықтың маңызы зор.

Халқымыз береке-бірліктің, парасат пен төзімнің арқасында кез-келген қиындықты абыроймен еңсереді деп сенемін.

Барша православ христиандарына және отандастарымызға мықты денсаулық, мол бақыт, толағай табыс тілеймін!", - делінген құттықтау сөзінде. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети