Тоқаев қазақстандықтардың демалыс орындарындағы "жаппай мәдениетсіздігіне" алаңдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев қазақстандықтардың демалыс орындарындағы "жаппай мәдениетсіздігіне" алаңдады Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне зиял келтіргендердің ісіне  алаңдады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне зиял келтіргендердің ісіне  алаңдады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр. Отандастарымыздың ерекше қызғылт түсті "Көбейтұз" көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды.

Бұл жағымсыз әрекеттер өскелең ұрпаққа жүргізілетін экологиялық ағарту жұмыстарының түйткілдерін ашып берді. Білім, Экология, Ақпарат министрліктері бұл мәселені жұмыстарының басым бағыты ретінде қарастыруы керек", - деп жазды Тоқаев.  

Еске салайық, осы жазда елордалықтар мен облыс тұрғындары үшін Көбейтұз көлі сүйікті демалыс орнына айналды. Ол жақта түсірілген фотолар әлеуметтік желіде пайдаланушыларды таңғалдырды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети