Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашып, енді қазақстандықтарда автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі болтанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент жақында Үкіметке экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін нақты шаралар әзірлеу туралы тапсырма беріліп, осыған байланысты бірқатар маңызды шешім қабылданғанын айтты.
"Соған сәйкес енді азаматтарға автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі ұсынылады. Соның арқасында автокөліктер халыққа мейлінше қолжетімді бола түспек", - деді Президент.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!