Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа елшісіне тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа елшісіне тапсырма берді © Ақорда

Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонмен арадағы кең ауқымды стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытудың маңызды екеніне назар аударды.

Президент Америка Құрама Штаттары Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы екенін, энергетика, ауыл шаруашылығы және жаңа технология салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Екі ел арасында айтарлықтай құқықтық-шарттық база қалыптасқан. Мәдени-гуманитарлық және білім салалары бойынша табысты ықпалдастық орнаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Ашықбаевқа Президент Джозеф Байден әкімшілігімен өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюға  бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети