Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" басшысына тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" басшысына тапсырма берді Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Мейіржан Юсупов жыл басынан бері уран өндіру көлемі шамамен 11 мың тоннаға жеткенін және өнімді сату көрсеткіші 8 мың тоннаға жуықтағанын айтты.

Мемлекет басшысына еліміздің минералды-шикізат базасын нығайту және толықтыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар, сондай-ақ ұлттық компанияның геологиялық барлау активтерінің портфелін одан әрі кеңейту жоспары туралы баяндалды.

"Қазатомөнеркәсіп" компаниясының басшысы мекеме өңірлерді әлеуметтік тұрғыдан дамытуға 3,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлгенін жеткізді. Осы орайда су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға да көмек берілген.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау және ресурстық базаны толықтырудың маңызды екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети