Тоқаев кеденде тәртіп орнату туралы: Мәселенің ауылы алыс емес

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев кеденде тәртіп орнату туралы: Мәселенің ауылы алыс емес Фото:elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кедендік шекарадағы тәртіпті қалпына келтіру және жосықсыз кәсіпкерлермен күресу бойынша табанды жұмыс жүргізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кедендік шекарадағы тәртіпті қалпына келтіру және жосықсыз кәсіпкерлермен күресу бойынша табанды жұмыс жүргізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы жылдары аймақішілік ынтымақтастық сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Бұл ретте мемлекеттер арасындағы қарқынды және сенімді диалог басты рөл атқарады. (...) Заманауи бақылау-өткізу пункттері ашылып, қосымша рейстер мен теміржол бағыттары іске қосылып жатыр. Кедендік шекарадағы тәртіпті қалпына келтіру бойынша шешуші жұмыстарды бастадық. Заңсыз схемалар енгізіп, бизнеске түрлі кедергі қойған жосықсыз кәсіпкерлермен де күресіп жатырмыз. Осындай заңсыз әрекеттерге қарсы күрес нәтижесі алыс емес екеніне сенімдімін", - деді Тоқаев "Орталық Азия – Қытай" онлайн саммитінде сөйлеген сөзінде.

Ол Қазақстанға импорт пен үшінші елдерге транзит ешқандай жағдайда зардап шекпейтініне сендірді.

"Мен Үкіметке және құқық қорғау органдарына тиісті тапсырма бердім. Шекара маңындағы аймақтарда көтерме-тарату және агрологиялық орталықтарды қамтитын инфрақұрылым құруды жалғастырамыз. Бұл шаралардың барлығы өңірішілік сауданың өсуіне оң әсерін тигізуде", - деді Тоқаев.

Ол Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымы соңғы жылдың өзінде 40 пайызға жуық артқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети