Тоқаев: Кейбір елдерде арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев: Кейбір елдерде арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүр Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасындағы өшпенділік пен этносаралық араздық туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасындағы өшпенділік пен этносаралық араздық туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, қазіргі әлемде ақпараттық кеңістіктегі келеңсіз жайттардың алдын алу жөніндегі өзара іс-әрекеттердің маңызы артып келеді.

"Цифрлық технологиялардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қарқынды дамуы жағдайында орынсыз айтылған кез келген сөз, әсіресе жастар арасында өшпенділік пен этносаралық араздық туғызуы мүмкін. Соның салдарынан қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған көпжылғы күш-жігер зая кетеді", - деді ол. 

Тоқаевтың сөзінше, дау-жанжал мен дүрбелеңді болдырмау үшін салалық ведомстволар бен қоғамдық ұйымдар тығыз ынтымақтастық орнатып, түсіндіру жұмыстарын барынша белсенді жүргізуге тиіс. Көп нәрсе мемлекет қайраткерлерінің саяси жауапкершілігіне де байланысты екенін баса айтты.

"Өкінішке қарай, кейбір елдерде серіктес мемлекеттерге қатысты арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүр. Мұндай жағдай ашу-ыза туғызатыны заңдылық және деструктивті күштер үшін ұтымды болмақ", - деді Президент. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети