Тоқаев Кипр президентін орденмен марапаттады

Нұрила Достарқызы
Нұрила Достарқызы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Кипр президентін орденмен марапаттады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Президенті Никос Христодулидисті І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Президенті Никос Христодулидисті І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Президентінің Қазақстанға алғашқы тарихи сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі саналатынын атап өтіп, Никос Христодулидистің елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

"Мемлекеттеріміздің ынтымағын көздеген ниетіңіз үшін Сізге шынайы ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіз. Қазақстандықтар Сізді айнымас дос әрі халықаралық деңгейдегі беделді мемлекеттік қайраткер ретінде таниды. Белсенді қызметіңіздің арқасында өзара сенім, саяси диалог және ынтымақтастығымыз нығая түсті. Ортақ күш-жігер арқылы қарым-қатынасымызға тың серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз деп сенемін. Қазақстан мен Кипр арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесіңізге шексіз құрметтің белгісі ретінде Сізге І дәрежелі "Достық" орденін табыстау жөнінде шешім қабылдадым. Бұл орден атауы айтып тұрғандай, достықты, Қазақстан мен Сіздің еліңіздің арасындағы қарым-қатынастың негізі саналатын сенім мен серіктестік рухын сипаттайды. Жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін! Достас Кипр халқының игілігі мен өркендеуі жолында жетістіктерге жете беріңіз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кипр Президенті жоғары награданы табыстағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

"Марапатты екі ел арасындағы достықтың нышаны ретінде Кипр халқының атынан қабыл аламын. Бұл – мен үшін зор мәртебе. Бүгінгі сапар перспективті салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жолындағы ортақ мүдде мен мықты саяси ерік-жігерімізді паш етеді", – деді Никос Христодулидис.

Айта кетейік, 3 маусымда Қазақстан мен Кипр президенттері кеңейтілген жәгне шағын құрамда келіссөздер өткізді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегациялар мүшелері келесі ведомствоаралық құжаттармен алмасты:

1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Кипр Республикасы Зерттеу, инновациялар және цифрлық саясат кіші министрлігі арасында ақпараттық коммуникациялық технологиялар, электрондық үкімет, ғарыш қызметі және киберқауіпсіздік салалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Кипр Республикасы Мәдениет кіші министрлігі арасында мәдени ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Кипр Республикасы Білім, мәдениет, спорт және жастар министрлігі арасында білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Кипр Республикасы Білім, спорт және жастар министрлігі арасында спорт саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Сыртқы сауда палатасы мен Кипр Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы инвестициялық және іскерлік перспективаны нығайту бойынша ынтымақтастық туралы келісім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.81   567.94   6.67 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +19
Астана +23
Ақтау +17
Ақтөбе +14
Атырау +19
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +20
Қызылорда +22
П
Павлодар +20
Петропавл +26
С
Семей +20
Т
Талдықорған +21
Тараз +26
Түркістан +16
О
Орал +18
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +20

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер