Тоқаев Көлгіновті мақтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновті мақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновті мақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Елорда әкіміне қатысты айтатын болсам, оның жүргізіп жатқан белсенді жұмысын оң бағалаймын. Қала тұрғындарымен, оның ішінде мәселесі бар аудан тұрғындарымен кездесу жұмыстары жақсы жүріп жатыр. Адамдармен кездесіп біздің саясатымызды, оның ішінде елорда тұрғындары атап өтетін мәселелер мен мүмкіндіктерді түсіндіріп жүрсіз", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Президент күн тәртібіндегі тағы бір мәселе - астананы, оның ішінде қала шетін әлеуметтік, тұрғын-үй және көлік инфраструкрасымен қамтамасыз ету керегін айтты.  

"Үнемі қаланы көріктендірумен айналысу керек. Бұған аудан әкімдерін де, сонымен қатар, орынбасарларыңыздың бірін де тартуыңыз керек. Керек мамандар жетпесе, алыңыз. Үкіметпен келісіп, бұл қызметке кімді тартуға болатынын ақылдасыңыз. Себебі кез келген қазақстандық болсын, шетелдік азамат болсын қаланың көркіне назар аударады. Әрине, ол климаттық жағдайға да байланысты екенін түсінемін. Бұл жерде оңай іс жоқ, үнемі қаланы абаттандырумен айналысу керек. Себебі астана - мемлекетіміздің айнасы", - деді Мемлекет басшысы. 

Айта кетейік, бүгін елордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Отырыста Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін береді, сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.38  course up  590.98  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro