03 маусым 2019 | 16:27

Тоқаев "Көне Тараз" археологиялық саябағын аралап көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Көне Тараз" археологиялық саябағын аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Көне Тараз" археологиялық саябағын аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына І - ХІХ ғасырлар аралығын қамтитын республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш туралы баяндалып, өңірдегі археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған алтын, күміс тиындар, керамикалық қолөнер бұйымдары және басқа да құнды жәдігерлер таныстырылды.

Сонымен қатар, "Шахристан - көне Тараз" кешенінің макеті көрсетіліп, алдағы жоспарлары туралы ақпарат берілді.

"Көне Тараздың тарихы әлі де зерттеле береді. Бұл жұмыстарға тұрақты қолдау көрсетіледі. Бұл салада халықаралық деңгейдегі мамандар көп. Бізге университеттерде туризм бизнесі бойынша мамандар әзірлеуді қолға алу керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Көне Тараз" саябағы келешекте халықаралық туристік орынға айналады деп күтілуде. Облысқа өткен жылы 145 мың турист келсе, биылғы жылдың алғашқы үш айында тарихи орынды 16 мың адам тамашалаған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети