15 қазан 2020 | 14:36

Тоқаев көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетуге уәде етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Президент Қарағайлы ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қарағайлы ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Семейге жасаған жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы көлемі 203 гектарды болатын Қарағайлы ықшам ауданында салынып жатқан құрылыс жұмыстарының қарқынымен танысты.

Ықшам аудандағы тұрғын-үй қоры 787,7 мың шаршы метр. Физика-математика пәндерін тереңдетіп оқитын 720 оқушыға арналған Назарбаев зияткерлік мектебінің құрылысы аяқталған. Жанында 120 орындық жатақханасы бар. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 320 орындық бала бақша салынған. Жуырда Қарағайлы ықшам ауданында 1405 пәтерлік 20 тұрғын үй пайдалануға берілген.

Сондай-ақ Қарағайлыда 3 мектеп, 6 бала бақша, мұз модулі және оңалту орталығы салынады.

Мемлекет басшысының тұрғын үй құрылысын дамытуға қатысты тапсырмасы өз нәтижесін беруде. Соңғы екі жылда 200-ден астам мұқтаж отбасыға Қарағайлы ықшам ауданынан пәтер берілген. Көпбалалы аналармен кездескен Президент мемлекет әлеуметтік қолдауды жалғастыра беретінін айтты.

"Үкімет көпбалалы аналарға, мұқтаж отбасыларға ұдайы көмек беріп келеді. Әртүрлі жеңілдік қарастырып отыр. Ең бастысы өздеріңіздей көпбалалы аналардың еңбекке ерекше деген талпынысы қуантады. Бала тәрбиесімен айналысып қана қоймай, халықты жұмыспен қамтып отырған игі істеріңіз өзгелерге үлгі болуы керек. Сондықтан сіздерді әрдайым қолдай береміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Көпбалалы аналар "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көрсетіліп жатқан қолдауға,  кәмелеттік жасқа толмаған 4 және одан да көп баласы бар отбасыларға берілетін әлеуметтік жәрдемақы сомасының ұлғаюына, Семейді дамытудың кешенді жоспарының қабылдануына қатысты  алғыстарын айтты. Сонымен қатар отбасылық бизнесті дамытуға берілетін гранттардың тізімін кеңейту, грант сомасын ұлғайту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.

Президент Қарағайлы ықшам ауданындағы бірегей спорт кешенін аралап көріп, мұндай нысан Қазақстанның әр қаласында салынуы қажет екенін атап өтті.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Семейде  "Ұлы ақын Абай ұлдарымен" ескерткішінің ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети