Тоқаев Кореяның жаңадан сайланған президентін құттықтады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Кореяның жаңадан сайланған президентін құттықтады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёльді Корея Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, елінің өркендеу жолында табысты қызмет етуіне тілектестік білдірді.

"Еліңіздің баянды өркендеуін жалғастыруға, дүниежүзілік қауымдастықтағы беделін асқақтатуға бағытталған игі істеріңіз бен тың бастамаларыңыз әрдайым табысты болуына тілектеспін. Қазақстан мен Корея арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухында дамып жатқан кеңейтілген стратегиялық серіктестігімізді бүгіннен де биік белестерге көтеру мақсатында Сізбен күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын", - деп жазылған құттықтау хатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёльдің аса жауапты қызметіне лайым сәттілік және достас корей халқына толассыз құт-береке тіледі.

Бұған дейін Юн Сок Ёль президенттік сайлауда жеңіске жетіп, Оңтүстік Корея президенті болғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети