28 шілде 2021 | 07:36

Тоқаев Қосшы ауылына неге қала мәртебесі берілгенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. © akorda.kz Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы шешімін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы шешімін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл туралы ол Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары барысында аймақ әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар мен Көкшетау қаласының даму перспективалары туралы есебінен кейін айтты.

"Жарлыққа қол қойылды. Аталған құжатқа қол қойылуын және облыстық маңызы бар қала мәртебесінің берілуін көпшілік кеңінен қолдап жатыр. Бірақ, осы шешімнің мәні мен маңызын тек облыс көлемінде ғана емес, жалпы еліміз бойынша халыққа қосымша түсіндіру керек. Бұл шешім, ең алдымен, Қосшы тұрғындарының өмірін жеңілдету мақсатында қабылданды. Онда қағаз бойынша 40 мыңға жуық тұрғын өмір сүреді. Шын мәнінде, ол жерде 80 мың адам тұрады. Олар тұрмыстық мәселелерімен облыс орталығы Көкшетауға баруға мәжбүр болады. Оған көп уақыт, күш жұмсайды. Әрине, бұл тұрғындардың жүйкесін жұқартады. Сондықтан қаланың әкімшілік мәртебесін өзгертетін осындай шешім қабылданды. Мен мұны дұрыс шешім деп есептеймін", - деді Президент.

Айта кетейік, бұған дейін Ақорда сайтында Тоқаев "Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" жарлыққа қол қойғаны хабарланған еді. 2021 жылғы сәуірде Қосшы ауылын облыстық маңызы бар қала санатына жатқызу туралы Президент Жарлығының жобасы жария талқылауға шығарылған.

Қосшы - Целиноград ауданы аумағында орналасқан елді мекен. Жалпы ауданы - 2 413 гектар. Қосшы ауылы елорданың оңтүстік-батысындағы ең ірі елді мекендердің бірі саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети