Тоқаев Қосшыдағы мектеп-гимназияға автобус сыйлады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақорда баспасөз қызметі Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қосшы қаласындағы мектеп-гимназиямен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қосшы қаласындағы мектеп-гимназиямен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола өңіріне жұмыс сапары Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектеп-гимназияны аралап көруден басталды.

Қосшы қаласының жаңа ауданында орналасқан мектеп "Болат Өтемұратов қорының" жеке инвестициясы есебінен салынып, жергілікті білім бөлімінің басқаруына берілген.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасының стандарттарына сай бой көтерген білім ошағында қазіргі кезде екі ауысыммен 2700 бала оқиды. Мектепте 280 орындық акт залы, 360 орындық асхана, 2 спорт залы, информатика, химия, физика, биология, технология және музыка кабинеттері бар.

Мектеп директоры Дидар Асқарованың айтуынша, оқушылар тек білім алып қана қоймай, "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында спорт секцияларына және шахмат, тоғызқұмалақ, асық ату, би, хор, фортепиано, домбыра секілді үйірмелерге тегін қатыса алады.

Мемлекет басшысы роботты техника, мобилография, автомобиль жүргізуді виртуалды үйрену, шет тілі кабинеттерін, мектеп кітапханасын аралап көріп, ұстаздармен және оқушылармен әңгімелесті.

"Қазақстанның озық мемлекетке айналғанын қаласақ, осындай роботты техника сияқты бағыттарды үйрену керек. Бұл – өте қажет. Балаларымыз әрқашан білімді болсын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ұжымға сәттілік тілеп, мектепке өзінің "Әке туралы ой-толғау" кітабын және Қазақстанда шығарылған автобус сыйға тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro