Тоқаев ҚТЖ басшысын қабылдады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмыстарының негізгі нәтижесі, теміржол саласын дамытудың алдағы кезеңге арналған жоспары, сондай-ақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде мәлімет берілді.

Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" акционерлік қоғамының жүк тасу айналымы 252 миллиард тонна-шақырымға дейін артты. Бұл – еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткіші. ЖПЭ-мен (жиырма пұттық эквивалентпен) есептегенде, жалпы контейнермен тасымалдау көлемі 1,129 мыңға дейін өсті.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы жөнінде баяндалды. Үш жылда барлығы 1285 шақырым жол салу жоспарланып отыр. Бұл жүк тасымалының көлемін ұлғайтып, еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Теміржол құрылысында пайдаланылатын қазақстандық өнімдер мен қызметтердің үлесі – 85 пайыз.

Бұдан бөлек, "Қазақстан темір жолы" басшысы Президентке халықаралық көлік дәліздерін дамыту және Ақтау, Құрық теңіз порттарының өткізу қабілетін кеңейту жұмыстарының барысы, сондай-ақ шетелдік ірі көлік-логистикалық компаниялармен ынтымақтастық мәселелері жөнінде айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы теміржол инфрақұрылымын дамытуға және жаңғыртуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro