Тоқаев “ҚТЖ“ төрағасына тапсырма берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев “ҚТЖ“ төрағасына тапсырма берді Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аөордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аөордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның өткен жылы атқарған қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.

Талғат Алдыбергенов тарифтік жүк айналымы 10 пайызға артып, 289 миллиард тонна-шақырымды құрағанын айтты. Тасымал көлемі 5,5 пайызға ұлғайып, 320 миллион тоннаға дейін жеткен. Экспорттық тасымал 89 миллион тоннадан асты. Жүк транзиті 20 пайыздан астам өсіп, 33 миллион тонна болды.

Президентке былтыр пайдалануға берілген Достық – Мойынты темір жолының екінші желісі арқылы 6 миллион тонна немесе 100 мың вагоннан аса жүк жеткізілгені баяндалды. Алматы бекетін айналып өтетін темір жолдағы техникалық қозғалысқа рұқсат етілді.

Теміржол инфрақұрылымдарын тарту және жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Жобалардың жалпы ұзындығы 3900 шақырымды құрайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компания қызметінде қауіпсіздікті, тиімділік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін жасанды интеллектіні енгізу арқылы цифрлық жобалар жүзеге асырылып жатқаны айтылды.

Тәлімгерлік институты жолға қойылып, жастар кадрлық резерві жасақталған.

Президент әлеуметтік мәселелерді шешудің маңызын атап өтіп, теміржолшыларға арналған қолжетімді тұрғын үй салу бастамасын құптады.

Мемлекет басшысы "Қазақстан темір жолы" ҰК" акционерлік қоғамын трансформациялауды жалғастыру, ірі шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты нығайту, цифрлық шешімдерді енгізу, мультимодальдық логистиканы дамыту мақсатында инфрақұрылымдарды кеңейту жөнінде тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 512.16  course up  594.59  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети