Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Үкімет бұл заңнамалық актілерді Мемлекет басшысының сәулет және құрылыс саласындағы қатынастарды реттеуді жетілдіру, сондай-ақ, саланың жүйелі мәселелерін шешу жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында әзірлеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!