Тоқаев Кувейт әміріне көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Кувейт әміріне көңіл айтты Фото ©REUTERS

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт мемлекетінің әмірі Шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахқа көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт мемлекетінің әмірі Шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахқа көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт мемлекетінің Әмірі шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахтың өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

"Шейх Сабах парасатты да көреген саясаткер, бейбітсүйгіш бітімгер ретінде әлемге танымал болып, оның аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге жұмсаған күш-жігері халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағасын алғаны кеңінен мәлім. Бауырыңызды Біріккен Ұлттар Ұйымы «Гуманитарлық көсем» деп тануы да осының айқын дәлелі екені сөзсіз. Қазақстандықтардың жадында шейх Сабахтың есімі Қазақстан мен Кувейттің берік достығы мен сан қырлы ынтымақтастығын дамытуға сүбелі үлес қосқан қайраткер, Отанын шексіз сүйген азамат ретінде мәңгі сақталады. Қаралы сәтте Сізге және әулетіңізге, сондай-ақ барша отандастарыңызға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын", - делінген жеделхатта. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети