Тоқаев Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасын қабылдап, Жапаровқа сәлем жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасын қабылдап, Жапаровқа сәлем жолдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты тереңдету мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Адылбек Касымалиевті Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оның Астанаға жасаған алғашқы ресми сапары бауырлас халықтар арасындағы достық пен одақтастық қатынастарды нығайту тұрғысынан айрықша маңызды екеніне назар аударды.

"Қазіргі таңда қазақ-қырғыз ынтымақтастығы қарқынды дамып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Құрметті Садыр Нургожоевич Жапаровтың Қазақстанға былтыр жасаған ресми сапары екіжақты ықпалдастығымызды жаңа деңгейге көтерді. Осы сәтті пайдаланып, құрметті Садыр Нургожоевичке жылы лебізімді жеткізуіңізді сұраймын", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, екі ел үкіметтеріне жүктелген басты міндеттердің бірі – жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың толықтай жүзеге асырылуын бақылау. Атап айтқанда, тауар айналымының көлемін ұлғайту үшін жаңа мүмкіндіктер іздеу, қазақ-қырғыз шекарасындағы Индустриалды сауда-логистикалық кешенді жедел іске қосуға ықпал ету, сондай-ақ көлік-транзит байланысы үшін қолайлы жағдай жасау қажет.

Өз кезегінде Адылбек Касымалиев қырғыз делегациясына қазақ жерінде көрсетілген қонақжайлыққа ризашылығын білдіріп, Президент Садыр Жапаровтың ізгі сәлемі мен тілегін жеткізді.

"Біздің Президентіміз бауырлас Қазақстанмен достық және тату көршілік қарым-қатынасты әрдайым арттыруға зор мән беріп, қолдау білдіріп келеді. Жоғары деңгейдегі кездесулерде қол жеткізілген келісімдердің арқасында Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, су-энергетикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастық нығая түсті", – деді Қырғызстан Үкіметінің басшысы.

Адылбек Касымалиев мемлекеттер басшылары қойған барлық міндет қазақстандық әріптестермен бірге мұқият пысықталып жатқанын айтты.

Кездесуде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және су-энергетика саласындағы ықпалдастық мәселелеріне айрықша мән берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети