08 желтоқсан 2021 15:09

Тоқаев Қырғызстан премьер-министрін қабылдады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: akorda.kz Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының премьер-министрі Ақылбек Жапаровты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының премьер-министрі Ақылбек Жапаровты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты стратегиялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты дамыту жөніндегі нақты шараларға баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақылбек Жапаровқа ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапарының достық, тату көршілік және одақтастық рухындағы қазақ-қырғыз қатынастарын талқылау тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.

"Біз - бауырлас елміз. Мемлекеттеріміз - ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше. Екіжақты негізде әрдайым өзара тығыз ықпалдастығымыз бен ынтымақтастығымызды дамытып  келеміз", - деді Мемлекет басшысы.

Президент өзара сауда-саттықтың оң қарқынын атап өтті. Екі ел арасындағы сауда айналымы биылғы 9 ай қорытындысы бойынша 9 пайызға артып, 680 миллион долларға жеткен. Сонымен қатар, ынтымақтастықтың барлық әлеуетін пайдалана отырып, осы бағыттағы жұмыс қарқынын үдете түсудің маңызды екенін айтты.

Ақылбек Жапаров өз кезегінде кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Қырғызстан президентінің жүрекжарды сәлемін жеткізді. Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады.

"Осы жылдар ішінде Қазақстан өзін қарқынды дамып келе жатқан ел, саяси және экономикалық тұрғыдан мықты, халықаралық аренадағы ұстанымы берік әрі беделді мемлекет ретінде танытты. Біз Қырғызстанда Сіздің еліңіздің жетістіктеріне әрдайым қуанамыз және бауырлас Қазақстанның қолдауын әрқашан сезінеміз", - деді Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы.

Ақылбек Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі ел үкіметтерінің арасында жүргізілген келіссөздердің табысты болғанын айтып, Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жоспарлап отырған келесі жылғы сапарының сапалы әрі мазмұнды болуына септігін тигізетініне сенім білдірді.

Әңгіме соңында Қазақстан Президенті Қырғызстанға көмек көрсетуге, екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға дайын екенін нақтылап, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа сәлем жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети