Тоқаев Қырғызстан президентімен кездесті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қырғызстан президентімен кездесті Фото:facebook.com/KyrgyzPresident

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан көшбасшысы Садыр Жапаровпен Түрікменстанда кездесу өткізді. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан көшбасшысы Садыр Жапаровпен Түрікменстанда кездесу өткізді. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу Түркменбашы қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуі шеңберінде өткен.

Тараптар түрлі бағыт бойынша екіжақты стратегиялық әріптестіктің өзекті мәселелерін, сондай-ақ өзара тиімді қатынастарды дамыту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, коронавирус пандемиясы кезеңінде екі ел азаматтарының шекарадан өту мәселелері талқыланды.

"Садыр Жапаров Қырғызстан-Қазақстан екіжақты ынтымақтастығының қазіргі белсенділігі мен жоғары деңгейі туралы айтты. Ол бүгінгі келіссөздер дәстүрлі түрде екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынасты сипаттайтын одақтастық қатынастар мен стратегиялық әріптестік рухында өтетініне назар аударды", - деді Жапаровтың әкімшілігі.

Сондай-ақ, Садыр Жапаров Қырғызстанның бауырлас Қазақстанмен саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтуіне ниетті екенін айтты.

Сурет: facebook.com/KyrgyzPresident

Қырғызстан Президенті Әкімшілігі мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас Қырғызстан мен Қазақстан арасында шешілмейтін мәселелер болмауы керек екеніне тоқталып, өзара байланыстарды жалғастыру керегін айтты.

Тоқаев Жапаровтың Орталық Азия мемлекет басшыларының консультативтік кездесуі аясында жақсы бастамалар көтергенін айтты. Сондай-ақ, бұл ұсыныстарды түрлі халықаралық платформаларда қолдауға дайын екенін білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети