Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесіп, оның Қазақстанға сапарын талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесіп, оның Қазақстанға сапарын талқылады ©REUTERS

Қырғыз тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғыз тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінің сәтті өткенін атап өтіп, Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасының Президенті болып сайлануымен тағы бір мәрте құттықтап, бауырлас қырғыз халқының өркендеуі мен игілігі жолындағы жауапты қызметіне сәттілік тіледі.

Тараптар достыққа, тату көршілікке және стратегиялық әріптестікке құрылған қазақ-қырғыз қатынастарының беріктігін нақтылап, екіжақты ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеру мақсатында бірлесіп белсенді жұмыс істеуге дайын екендерін растады.

Садыр Жапаров Қазақстан Президентінің ізгі тілегіне алғыс айтып, қызметке кірісуіне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хат жібергені үшін ризашылығын білдірді.

Әңгімелесу барысында алдағы уақыттағы жоғары деңгейдегі кездесулердің кестесі, оның ішінде, қырғыз көшбасшысының Қазақстанға сапары талқыланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети