Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы өзара іс-қимылды нығайтуға баса назар аудара отырып, қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы биылғы мамыр айында Қырғызстанға жасайтын мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікке сөзсіз тың серпін беретінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Құмтөр алтын кен орнының мәртебесі туралы келіссөздердің сәтті аяқталуымен құттықтады.

Бұдан бөлек, президенттер бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course down  586.74  course down  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети