Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты Фото: ©РИА Новости

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының Ульянов облысында жол апатынан қаза табуына байланысты Президент Садыр Жапаровқа және барша қырғыз халқына көңіл айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жеделхатта қайтыс болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Еске салайық, Ресейдің Ульяновск облысында болған жол-көлік оқиғасында 16 адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Оның 14-і Қырғызстан азаматтары. Үш қырғызстандық аман қалған. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, деп жазады 24.kg.

Шағын автобус екі жүк көлігі арасында қысылып қалған. Адам өліміне себепкер болған жүк көлігінің жүргізушісі де қаза болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети