Тоқаев Қырғызстанның Жогорку Кенеш төрағасын қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қырғызстанның Жогорку Кенеш төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Жогорку Кенеш төрағасы Нурланбек Шакиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Жогорку Кенеш төрағасы Нурланбек Шакиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нурланбек Шакиевке ілтипат білдіре отырып, екі ел арасындағы қатынастарды дамыту және парламентаралық байланыстарды нығайту маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қырғызстан – Қазақстан үшін тату көрші, бауырлас мемлекет және стратегиялық серіктес.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы бүгінде қазақ-қырғыз қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын, оған үкіметаралық және парламентаралық деңгейдегі өзара іс-әрекет ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келе жатқанын және елдеріміз арасындағы тауар айналымын 2 миллиард долларға дейін жеткізу көзделіп отырғанын айтты.

Президент қол жеткізілген уағдаластықтар елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың көптеген бағытының дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ Қазақстан бауырлас Қырғызстанмен одақтастық қатынастарды жан-жақты нығайтуға ниетті екеніне назар аударды.

Өз кезегінде Нурланбек Шакиев кездескені және қазақ халқына тән қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың ізгі тілегі мен сәлемін жеткізді. Спикердің айтуынша, Қазақстан мен Қырғызстан барлық жағынан ең жақын елдер саналады және өзара түсіністік пен қолдауға негізделген жан-жақты ынтымақтастық тереңдеп келеді. Сонымен қатар ол Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдірді.

Кездесуде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети