Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің 11-12 күндеріне жоспарланған ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті. Күн тәртібіндегі екіжақты мәселелерден бөлек, қытайлық журналистерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі халықаралық қатынастардағы Қытайдың рөліне, ҚХР-ның 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жетістіктеріне берген бағасы аса қатты қызықтырды. Сондай-ақ, Президент өзге де жеке мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді.
Сұхбат CCTV телеарнасының эфирінен көрсетіледі.