Тоқаев қытайлық логистика компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев қытайлық логистика компаниясының басқарма төрағасын қабылдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы YTO Express басқарма төрағасы Юй Хуэйцзяоны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы YTO Express басқарма төрағасы Юй Хуэйцзяоны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың YTO Express логистика компаниясының басқарма төрағасы Юй Хуэйцзяоны қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына "Қазпошта" АҚ және YTO Express компаниясының бірлескен кәсіпорны "Qazpost – YTO" ЖШС-нің қызметі жөнінде мәлімет берілді.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Орталық Азия елдері аумағында заманауи әрі тиімді курьерлік желіні дамыту.

Биыл Алматы облысында сұрыптау хабының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Аталған нысан пошта жөнелтілімдерін жеткізу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар "Qazpost – YTO" ЖШС сұрыптау хабына жақын маңнан Индустриалды парк салуға ниетті.

Кездесу соңында Президент осындай бірлескен жобалардың стратегиялық маңызын атап өтіп, олар мемлекеттер мен халықаралық бизнес арасындағы тиімді ықпалдастықтың үлгісі болуға тиіс екеніне назар аударды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети