21 қаңтар 2023 18:26

Тоқаев Лисаков қаласының жылу орталығына барды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақорда Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Лисаков қаласының жылу орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Лисаков қаласының жылу орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына жылу орталығының жабдықталуы мен қаланың коммуналды инфрақұрылымының қазіргі жағдайы жөнінде мәлімет берілді.

"Лисаковскгоркоммунэнерго" кәсіпорнының меншігінде Лисаков қаласын жылумен қамтамасыз ететін орталық қазандық және қалаға жақын Октябрь кентінде орналасқан екі блокты-модульды қазандық бар.

Лисаков қаласының әкімі Абай Ибраевтың айтуынша, жылу орталығы 1968-78 жылдары пайдалануға берілген. Орталықтағы су жылыту қазандықтары 2020 жылы күрделі жөндеуден өткен. Олардың орташа тозу деңгейі 51 пайызға жеткен. Сондықтан таяу жылдары су жылыту қазандықтарына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.

Ал жалпы ұзындығы 112 шақырым жылу желісінің тозу деңгейі 41 пайыз болады. 2012 жылдан бері "Шағын және моноқалаларды дамыту" бағдарламасы аясында жылу желілерінің инфрақұрылымына қатысты 8 жоба жүзеге асқан. Соның нәтижесінде тозу деңгейі 7 пайызға қысқарып, 41 пайызға дейін төмендеген. Кейінгі бес жылда жылу құбырларындағы апаттар саны екі есе қысқарған. Қала әкімінің айтуынша, алдағы уақытта жылу желісі мен қаланың басқа да коммуналды инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасын табады.

Мемлекет басшысы тұрғын үй-коммуналды шаруашылық саласының стратегиялық маңызы зор екеніне назар аударып, қала мен облыс әкімдеріне жылыту маусымына дайындық мәселесімен жүйелі түрде айналысуды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети