Тоқаев Ливан президентіне көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Ливан президентіне көңіл айтты © Reuters

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан президентіне Бейрутте болған жарылысқа байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан президентіне Бейрутте болған жарылысқа байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Ливан Президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірдім", - дейді Президент Twitter желісіндегі парақшасында. 

Тоқаев Ливан Президенті осындай қиын-қыстау кезеңде қолдау білдіргеніміз үшін алғыс айтып, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде бергенін айтты. 

Еске салайық, Бейрутта 4 тамызда кешке жойқын жарылыс болып, Ливан астанасындағы ғимараттардың жартысы зардап шекті. Ливанның премьер-министрі Хассан Диябтың айтуынша, жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған. 

Жарылыс кезінде Қазақстан консулы зардап шекті.

Бейруттағы жарылыстан қайтыс болғандардың саны 100-ден асты

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.19  course up  589.88  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети