Тоқаев ломбардтар мәселесін шешуді тапсырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ломбардтар мәселесін шешуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ломбардтар мәселесін шешуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл туралы Президент құқық қорғау құрылымдары мен қаржы нарығын қадағалайтын және мониторингілейтін мемлекеттік органдар басшыларымен өткізген кеңесте айтты.

Жиында ел азаматтарына айтарлықтай материалдық шығын келтірген қаржы-несие ұйымдарының заңсыз қызметіне тосқауыл қоюға байланысты мәселе қарастырылды.  

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда наразылық тудырған жағдайды егжей-тегжейлі тексеруді, азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін шаралар қабылдауды және кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды. Мемлекет басшысы болашақта мұндай жағдайға жол бермеу керектігін және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.   

Сонымен қатар кеңесте Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден ұлттық заңнамаларды бұза отырып әкелінген автокөліктерді тіркеу мәселесі де талқыланды.

Президент Үкіметке Қазақстанның заңнамаларын, мемлекеттік бюджеттің де, автокөлік иелерінің де мүдделерін ескере отырып, аталған проблеманы шешу нұсқаларын әзірлеу жөнінде тапсырма берді.

Еске салайық, өткен аптада Қазақстанның бірнеше қаласында тұрғындар алаяқтық құрбаны болғанын айтып, полицияға арыз жазған. Осыған дейін Атырау, Павлодар, Ақтау, ШҚО, Тараз және Қарағандыдағы "Гарант-24 Ломбард" ЖШС аймақтық филиалдарының басшылары ұсталды. Олардың үстінен "Алаяқтық" және "қаржы пирамидаларын құру" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro