Тоқаев "ЛУКОЙЛ" президентін қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев "ЛУКОЙЛ" президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ЛУКОЙЛ" мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ЛУКОЙЛ" мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысына мұнай компаниясының Қазақстандағы қазіргі жүргізіп жатқан жұмыстары мен еліміздің көмірсутегі секторында жүзеге асырылып жатқан бірқатар бірлескен жобалардың перспективасы туралы есеп берілді.

Президентке компанияның Каспий теңізі қайраңындағы "Жеңіс" және "Әл-Фараби" мұнай жобаларындағы геологиялық барлау жұмыстарының барысы туралы айтылды. Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр Алматы облысында іске қосылған "ЛУКОЙЛ" зауытының жұмысы туралы баяндалды. Компания басшысының айтуынша, бүгінде зауыт әртүрлі жағармай материалдарының 800-ге жуық түрін өндіріп, өңірдегі елдерге экспорттайды.

Сонымен қатар Вагит Алекперов Мемлекет басшысына әлемдік мұнай нарығының қазіргі жағдайы мен баға белгілеудің перспективасына қатысты "ЛУКОЙЛ" компаниясының ұстанымы туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік компанияның әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға атсалысып отырғанын ерекше атап өтіп, оның Қазақстан мұнай-газ секторын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети