10 шілде 2020 | 15:59

Тоқаев: маған ұпай жинаудың қажеті жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы ұсыныстар болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы ұсыныстар болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ашығын айтайын: осы отырысқа дайындалу кезінде маған өңірлердің, ведомстволардың кей бірінші басшыларын жұмыстан босатуға, тіпті барлық үкіметті отставкаға жіберу туралы кеңестер айтылды. Мұны қоғам жақсы қабылдайды, "ұпай жинайсыз" деді. Бірақ маған ұпай жинаудың мүлде қажеті жоқ. Мен жауапты адамдарды тыңдауға және естуге дайынмын, бірақ жұрттың алдында ойын ойнау ойымда жоқ", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың сөзін келтіріп.

Қасым-Жомарт Тоқаев кей әкімге ескерту мен сөгіс жариялағанын және осындай жазаға облыстар мен министрліктердің басқа да басшылары лайық екенін атап өтті.

"Бірақ біз әлеуметтік-экономикалық дамудың дағдарыс фазасында тұрмыз. Үкімет пен әкімдердің тек шиеленісе түсетін дағдарыстан шығу жөніндегі білікті, жанкешті іс-әрекеттері қажет. Бұл әлемдік экономикаға жасалған болжам, ал Қазақстан оның бір бөлігі. Бірақ бұл резерв кадрлар тартылмайды деген сөз емес", - деді Мемлекет басшысы.

Президент үкіметтен 5 күнде пандемия және оның салдарымен күресу жөнінде жедел шешімдер қабылдаудың құқықтық алгоритмін дайындауды сұрады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети