Тоқаев Мәжіліс төрағасын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Мәжіліс төрағасын қабылдады Фото. Ақорда

Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысына Мәжілістің қазіргі заң шығару қызметі туралы баяндалды. Ерлан Қошановтың айтуынша, жоспарланған өзгерістерді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының жүктеген барлық міндеті тиісті деңгейде және уақытылы орындалып жатыр.

Мәселен, соңғы екі айда ғана Мәжіліс 18 заң қабылдап, Сенаттың қарауына жіберген. Атап айтқанда, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, цифрландыру, ғылым, бизнес жүргізу, медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру, трансферттік баға белгілеу, халықтың көші-қон мәселелері секілді құқықтық нормаларға түзетулер енгізілген.

Қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасын орындау үшін депутаттар Бюджет, Су, Құрылыс кодекстері, сондай-ақ бірқатар маңызды заң жобалары бойынша бір мезетте жұмыс жүргізуде. Енгізілген әрбір жаңа өзгерісті сарапшылар мен жұртшылық кең көлемде талқылайды, палатаның барлық іс-шарасына бұқаралық ақпарат құралдары мен мүдделі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кедергісіз қатыса алады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына "Amanat" партиясының жұмысы туралы мәлімет берілді. Кездесуде азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Президенттің бастамаларын іске асыру шеңберінде әзірленген партияның "Ауыл аманаты", "Жер аманаты", "Қарызсыз қоғам" жобаларына ерекше назар аударылды. Барлық жоба халықтың нақты мәселелерін шешуді көздейді және оларды қоғам қызу қолдап отыр. Мәселен, "Жер аманаты" жобасы аясында екі жыл ішінде 10 миллион гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды. Қаңтар-ақпан айларында "Қарызсыз қоғам" жобасы бойынша 15 мың адам қаржылық сауаттылықты арттыру курсынан өтті. Жыл соңына дейін тағы да 750 мың азаматты оқыту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Президентке депутаттардың парламенттік дипломатия бағытындағы қызметі туралы ақпарат берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети