Тоқаев Мәжілісті таратып, сайлау күнін белгіледі

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Мәжілісті таратып, сайлау күнін белгіледі

Мемлекет басшысы Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау қашан өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау қашан өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы жетінші шақырылымдағы Мәжілісті тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындау туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру тапсырылды.

Мемлекет басшысы Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды дереу қабылдау керегін айтты.

Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети