Тоқаев Макронды Қазақстанға шақырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Макронды Қазақстанға шақырды Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Эммануэль Макронды Француз Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

Мемлекетіміздің басшысы құттықтау жеделхатында Эммануэль Макронның сайлаудағы айқын жеңісі Францияның ұлттық мүддесін қорғау және елді өркендету жолындағы оның қажырлы қызметіне халықтың берген жоғары бағасы мен сенімінің айғағы деп атап өткен.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген стратегиялық серіктестікке тың серпін беру үшін өзара күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін нақтылады.

"Осыған байланысты Қазақстан мен Франция арасындағы сан қырлы ықпалдастықты нығайту жолдарын талқылау үшін өзара қолайлы уақытта сізді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті Франция көшбасшысына сарқылмас күш-қуат және аса жауапты қызметіне сәттілік, ал достас француз халқына мол бақыт пен құт-береке тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети