Тоқаев Мақтымқұлының мұралары туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Мақтымқұлының мұралары туралы айтты Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қасым-Жомарт Тоқаев "Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі" атты халықаралық форумда сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев "Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі" атты халықаралық форумда сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Түрікменстанға ресми сапары аясында түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының туғанына 300 жыл толуына орай өткен "Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі" атты халықаралық форумға қатысты.

Президент өз сөзінде Мақтымқұлының күллі шығыс жұртына ортақ ұлы ойшыл, түрікмен классикалық әдебиетінің негізін қалаған бірегей тұлға екенін атап өтті.

"Мақтымқұлы Пырағы – әлем руханиятында орны бар тарихи тұлға. Сондықтан ЮНЕСКО ақын мұраларын "Әлем жады" атты халықаралық тізімге енгізген. Ал ТҮРКСОЙ ұйымы осы жылды "Түркі әлемінің ұлы ақыны әрі ойшылы Мақтымқұлы Пырағы жылы" деп жариялады. Бұл – барша түркі жұртының ерекше сый-құрметі екені сөзсіз. Ұйымның шешімі ақын шығармаларын халықаралық деңгейде танытуға септігін тигізеді деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети