Тоқаев Мәми мен Дауылбаевты марапаттады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Мәми мен Дауылбаевты марапаттады Фото: Ақорда

Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін наградталсын:

"Отан" орденімен

  • Мәми Қайрат Әбдразақұлы – ардагер-құқықтанушы, Алматы қаласы;

І дәрежелі "Барыс" орденімен

  • Дауылбаев Асхат Қайзоллаұлы – ардагер-құқықтанушы, Астана қаласы
  • Рогов Игорь Иванович – ардагер-құқықтанушы, Астана қаласы;

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен

  • Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы – Конституциялық Соттың төрағасы
  • Бәйішев Жолымбет Нұрахметұлы – "Тұран" университеті" мекемесінің профессоры, Алматы қаласы
  • Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Президент көмекшісі
  • Малиновский Виктор Александрович – "Нархоз университеті" КеАҚ конституциялық экономика орталығының директоры, Алматы қаласы
  • Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы – Жоғары Соттың төрағасы
  • Петров Константин Викторович – Орталық сайлау комиссиясы төрағасының экс-орынбасары, Ақтөбе қаласы;

"Парасат" орденімен

  • Алауханов Есберген Оразұлы – құқықтанушы, Астана қаласы
  • Баймолдина Зәуреш Хамитқызы – "Нархоз университеті" КеАҚ Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер институтының Астана орталығының басшысы
  • Балтабаев Қуаныш Жетпісұлы – "Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ профессоры, Астана қаласы
  • Ким Георгий Владимирович – "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК профессоры
  • Қоғамов Марат Шекішұлы – "M. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti" АҚ профессоры, Астана қаласы
  • Шапақ Унзила – Парламент Мәжілісінің депутаты;

"Құрмет" орденімен

  • Ақпанов Арыстан Нөкешұлы – "Астана" халықаралық университеті" ЖШС профессоры
  • Әбдірасылов Ермек Баяхметұлы – "Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ профессоры, Астана қаласы
  • Әубәкірова Индира Оралқызы – Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" РМК директоры
  • Жолдасбеков Нұржан Өтепбайұлы – Жоғарғы Соттың судьясы
  • Нұрмұханов Бақыт Маратұлы – Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары
  • Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы – Әділет министрі
  • Төкиев Аслан Сұлтанұлы – Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы
  • Ыдрышева Сара Қимадиқызы – "M. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti" АҚ профессоры, Астана қаласы;

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

  • Жанұзақова Ләйлә Телманқызы – "Тұран" университеті" мекемесінің профессоры, Алматы қаласы
  • Қайырбек Әлібек Амангелдіұлы – Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театры" КМҚК музыканты
  • Қанатов Алмас Қанатұлы – "Парламентаризм институты" РМК материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының атқарушы директоры
  • Матаева Майгүл Хафизқызы – "Alikhan Bokeikhan University" БМ проректоры, Семей қаласы
  • Скрябин Сергей Васильевич – Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" РМК бас ғылыми қызметкері.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети