Тоқаев Маминге бірқатар тапсырма берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне биылғы 9 ай ішіндегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөнінде есеп берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар салада дамудың оң қарқыны байқалатыны баяндалды. Атап айтқанда өңдеу өнеркәсібінің өсімі 3,3  пайызға жеткен, құрылыс көлемі 10,5 пайызға, тұрғын үйлердің пайдалануға берілуі 9 пайызға немесе шамамен 9,6 миллион шаршы метрге артқан. Ауыл шаруашылығындағы өсім көрсеткіші 5 пайыз. Қазақстанның алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтері 1 қазандағы мәлімет бойынша 91,1 миллиард долларға жетті.

Үкімет басшысының айтуынша, қыркүйекте қызмет көрсету саласындағы белсенділікті қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. Осы ретте тамыз айымен салыстырғанда сауда-саттық 2,7 пайызға, байланыс 1,3 пайызға, көлік және қойма 1,2 пайызға артқан. Қызмет көрсету секторындағы өсім шағын және орта бизнестің жанданғанын білдіреді. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына және азаматтардың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді.

Премьер-Министр 11-12 қазан күндері Абу-Даби қаласына жасаған жұмыс сапарының қорытындылары туралы есеп берді. Аталған сапар барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қаңтарда Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізген уағдаластықтардың нақты жүзеге асырылып жатқанына көз жеткізілді.  Сонымен қатар екі ел үкіметтері Инвестициялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Онда құны 6,1 миллиард доллар болатын 21 жобаны жүзеге асыру көзделген. Аталған құжат жоғары қосымша құны бар және пайдасы мол, сондай-ақ, ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да үлкен сұранысқа ие болатын өндіріс орындарын ашуға бағытталған.

Мемлекет басшысы экономиканы дамытудың оң қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі Үкіметтің атқарған іс-қимылдарын атап өтіп, азаматтарымыздың денсаулығына, шағын және орта бизнестің жұмысына, сондай-ақ, жалпы экономиканың дамуына шетелде кең тараған коронавирус індетінің кері әсерін болдырмау үшін премьер-министрге еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro