Тоқаев Мәскеуде Путинмен кездесті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Мәскеуде Путинмен кездесті Фото: Ақорда баспасөз қызметінен

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей президенті Владимир Путин қазақстандық әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде екі елдің байланыстары өте жоғары деңгейде екенін айтты.

"Қайырлы күн, сізді көргеніме өте қуаныштымын, шақыруды қабылдап, келгеніңізге рахмет. Бізде байланыс үзілмейді, олар тұрақты режимде, өте жоғары деңгейде және барлық бағыт бойынша", - деді Путин.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге жүгінді.

"Мен біздің саясатты дәйекті түрде жүргізу үшін осы елде (Ауғанстан - ескерт.) болып жатқан жағдайға сіздің көзқарасыңызды білгім келеді", - деді Тоқаев.

Бұған дейін 21 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге жұмыс сапарымен баратыны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети