Президент бір топ медицина қызметкеріне мемлекеттік наградалар тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін мына азаматтар марапатталды:
II дәрежелі "Барыс" орденімен
- Баймаханов Болатбек Бимендеұлы – "А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ басқарма төрағасы, Алматы қаласы;
"Парасат" орденімен
- Бектұрғанов Рамазан Сейдахметұлы – Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы "Облыстық офтальмологиялық аурухана" МКК директоры;
- Боромбаев Ульфат Төлеуғалиұлы – Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы "Павлодар облыстық онкология диспансері" КМК бөлімше меңгерушісі;
- Нысанов Әбілмәжит – Денсаулық сақтау министрлігі "Қазақ республикалық лепрозорийі" ММ Тасбөгет диспансерлік бөлімшесінің меңгерушісі, Қызылорда облысы;
- Төлепбергенова Айгүл Дүйсенбайқызы – "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ бөлім бастығы, Астана қаласы;
"Құрмет" орденімен
- Әбдел Зият Жұмаділұлы – "Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қаласы;
- Бидайбаев Арғын Ноянұлы – Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы "Теміртау қаласының көпбейінді ауруханасы" КМК директоры;
- Бимағанбетова Нұржамал Баяхметқызы – Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы "Жангелдин аудандық ауруханасы" КМК бөлімше меңгерушісі;
- Богославский Павел Владиславович – Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы "Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы" КМК директорының орынбасары;
- Иманғазинов Сағит Баймұқанұлы – "Семей медицина университеті" КеАҚ Павлодар филиалының профессоры, Семей қаласы;
- Исабекова Лаура Қайратқызы – "Қостанай қаласының № 5 емханасы" ЖШС медицина директоры;
- Колеснев Александр Валериевич – "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС бөлімше меңгерушісі, Астана қаласы;
- Күлімбетов Амангелді Сейітмағамбетұлы – "С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КеАҚ профессоры, Алматы қаласы;
- Қуатбаев Ермағамбет Мұқанұлы – Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы "Қалалық кардиология орталығы" КМК директоры;
- Мұстафинова Гүлнәр Төлеуханқызы – "University Medical Center" КҚ департамент директоры, Астана қаласы;
- Нұрланова Рысты Берекелқызы – "Республикалық жоғары медицина колледжі" ЖШС консультанты, Алматы қаласы;
- Савхатова Ақмарал Досполқызы – "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ дәрігері, Алматы қаласы;
- Смағұлова Ғазиза Ажмағиқызы – "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КеАҚ кафедра басшысы, Ақтөбе қаласы;
- Сыбанбаев Дархан Әріпұлы – Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы "Жамбыл көпбейінді орталық аудандық ауруханасы" КМК директоры;
- Тұрысбекова Сәуле Тілеубергенқызы – "С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КеАҚ кафедра меңгерушісі, Алматы қаласы;
- Уәлиева Райгүл – Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" РМК филиалының зертхана меңгерушісі, Өскемен қаласы;
- Хаиров Константин Эдуардович – "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ хирургиялық блок басшысы, Алматы қаласы;
"Ерен еңбегі үшін" медалімен
- Балжанов Жеңіс Мырзасейітұлы – Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 көпбейінді қалалық аурухана" МКК бөлімше меңгерушісі;
- Бекарысов Олжас Сапарғалиұлы – "Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы" РМК директоры, Астана қаласы;
- Бердешева Мира Қабдылкәрімқызы – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы "№ 5 қалалық емхана" МКК бас мейіргері, Орал қаласы;
- Жұмахаева Әлия Серікқызы – Астана қаласы әкімдігінің "№ 2 көпбейінді қалалық аурухана" МКК директорының орынбасары;
- Кәрібай Серік Дүзелбайұлы – "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ бөлімше меңгерушісі, Астана қаласы;
- Мустафин Рамиль Табрисович – "Астана Эколайф" ЖШС медициналық директоры;
- Огай Вячеслав Борисович – "Ұлттық биотехнология орталығы" ЖШС профессоры, Астана қаласы;
- Тё Дмитрий Валерьевич – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы "Көпбейінді облыстық ауруханасы" КМК бөлімше меңгерушісі, Петропавл қаласы;
"Шапағат" медалімен
- Амангелдіқызы Сая – "Ұлттық балаларды оңалту орталығы" КеАҚ басқарушы директоры, Астана қаласы;
- Дигай Александр Константинович – "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС аға ординаторы, Астана қаласы;
- Дүйсекенова Гүлжазира Қинайатқызы – Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы "Облыстық перинаталдық орталық" КМК қызмет басшысы, Семей қаласы;
- Ким Алексей Юрьевич – Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы "Атырау облыстық балалар ауруханасы" КМК дәрігері;
- Мұхамедиев Ермек Дәкенұлы – Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Облыстық қан орталығы" МКК директоры, Көкшетау қаласы;
- Оразалинов Азамат Жанәбілұлы – Астана қаласы әкімдігінің "№ 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" МКК бөлімше меңгерушісі;
"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді:
- Бенберин Валерий Васильевич – "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК бөлім бастығының орынбасары;
"Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы берілді:
- Байғошқарова Рахат Өсербайқызы – денсаулық сақтау саласының ардагері, Астана қаласы;
- Епенова Жапырақ Кеңесханқызы – Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы "Облыстық перинаталдық орталық" МКК директоры, Ақтау қаласы;
- Карабаева Раушан Жумартовна – "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК директоры;
- Кисикова Сәуле Дүйсебекқызы – "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК директорының кеңесшісі.
Айта кетейік, Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!